Біздің миссиямыз
2023 жылы біз ESG стратегиясын бекіттік, ол тұрақты даму саласында өзімізге маңызды стратегиялық мақсаттарды, бағыттар мен міндеттерді айқындайды.
Миссиямыз — ыңғайлы және сапалы қаржы өнімдеріне қол жеткізуге бірдей мүмкіндіктерді ұсына отырып, инновациялық технологияларды қолданып, Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуына ықпал ету.
Solva өз клиенттерімен, серіктестерімен және қызметкерлерімен жұмыс жасауда бизнесті жауапкершілікпен жүргізу қағидаларын ұстанып, этиканы басшылыққа алады.
ESG стратегиясы
Solva — Біріккен Ұлттар Ұйымының Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік және тұрақты даму саласындағы жаһандық шартының мүшесі және осы арқылы адам құқықтары, еңбек қатынастары, қоршаған ортаны қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларындағы БҰҰ ЖШ-ның он қағидатына адалдығын білдіреді.
Сонымен қатар біз БҰҰ-ның Бас ассамблеясы 2015 жылы қабылдаған Тұрақты даму саласындағы мақсаттарын (ТДМ) қолдаймыз және оған қол жеткізуге өз үлесімізді қосуға тырысамыз.
Solva үлкен үлес қосуға міндеттелетін Тұрақты даму саласындағы 4 басым мақсат:
Осы ұйымдарға қатысамыз:
Инклюзивті қаржыландыру
Біз әр адам жеке басының мақсаттарына немесе бизнесін дамытуға арналған қаражатқа тең дәрежеде қол жеткізуге құқылы екеніне сенімдіміз. Жауапты кредиттеу әдісін қолданып, біз клиенттерімізге олардың қажеттіліктеріне барынша сәйкес келетін қаржы өнімдері мен қызмет көрсету деңгейін ұсынуға тырысамыз.
Әйелдер кәсіпкерлігі
Біз гендерлік теңдік мәселесіне ерекше назар аударамыз, сол себепті кәсіпкер әйелдердің бизнес жобаларын қаржыландыру үшін бірдей мүмкіндіктер жасау ісіне белсенді атсалысып келеміз, сонымен қатар олардың армандаған кәсібін жүзеге асыруға көмектесеміз. Біздің ШОБ-портфеліміздегі микрокредиттердің 70%-нан астамы іскер ханымдарға берілген.
Біз «Әйел ісі» мультифункционалдық платформасын жасадық, оның мақсаты — Қазақстандағы әйелдер кәсібін дамытып, қаржылық сауаттылықты арттыру. 2023 жылы платформа «Қаржы саласында ең үздік ESG-бастамасы» номинациясында PLUS Award 2023 марапатын иеленді.
Біздің ШОБ клиенттеріміздің 0% - әйелдер
«Қаржы саласында ең үздік ESG-бастамасы»
Solva — 2X Global жаһандық бастамасына қосылған Қазақстандағы алғашқы компания, аталмыш бастама капиталды үлестірудің гендерлік бағдарланған салада қаржы нарығы қатысушыларының күш-жігерін біріктіреді.
Бұған қоса, 2023 жылдың маусымында Solva Қазақстанда алғаш рет корпоративтік гендерлік облигацияларды орналастырды, олар кәсіпкер әйелдердің ісін қаржыландыруға бағытталады. Шығарылымның жалпы көлемі 20 млрд теңгені құрады. Аталмыш орналастыру «Қазақстанда ESG облигацияларын алғаш орналастырудың ең үздік мәмілесі» номинациясында Cbonds Awards 2023 марапатына ие болды, сонымен қатар «Табысы жоғары облигациялар сегментінде жыл мәмілесі» категориясында Bonds, Loans & ESG Capital Markets CEE, CIS & Türkiye Awards 2023 марапатын иеленді.
Клиенттерге деген қамқорлық және қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру
Біз клиенттерімізге қамқорлық жасауға тырысамыз, сол себепті оларға ыңғайлы технологиялық өнімдер мен сапасы жоғары қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік береміз. Біз өз жұмысымызда әрқашан ашықтық, адалдық және құрмет қағидаттарын басшылыққа аламыз.
Жауапты кредиттеу
Жауаптты кредиттеу қағидасын қатаң сақтап, біз әр клиентіміз үшін микрокредиттеудің шарттары айқын, толық, түсінікті әрі қол жетімді болғанын дұрыс деп санаймыз. Біз майда әріпті және басқа да маркетингтік айлаларды пайдаланбаймыз және клиентті шатастыратын ақпараттың ұсынылуына жол бермейміз.
Шамадан тыс кредиттеудің алдын алу үшін, біз микрокредитті алу өтінімін растау және келісімшарт жасасудың алдында қарыз алушылардың қаржылық мүмкіндіктерін мұқият тексереміз.
Solva өз клиенттерінің қаржы жағдайын ойлайды, сол себепті компанияда қарыз алушылардың құқықтары бойынша Омбудсменнің қабылдау бөлмесі жұмыс істейді, оның мақсаты – қиын қаржы жағдайына тап болған клиенттердің мерзімі өткен берешектеріне байланысты туындаған даулар мен мәселелерді шешу.
Қаржылық сауаттылық
Жеке бизнес-жобаның сәтті іске асуы және халықтың жалпы материалдық жағдайы қаржылық білім деңгейіне тікелей байланысты екендігіне сенеміз. Solva қаржылық сауаттылықты арттыруға қатысты бастамаларды белсенді қолдап, тәжірибелі сарапшылармен және дәріс берушілермен, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өкілдерімен бірігіп, жалпы республика бойынша білім беру семинарларын тұрақты өткізіп келеді.
Соңғы үш жылда қаржылық сауаттылыққа арналған шараларым ызға 0 астам қазақстандық қатысты.
Қызметкерлер жұмысына қолайлы жағдай жасап, олардың әлеуетін іске асыруға қолдау көрсету
Solva компаниясының негізгі құндылығы – оның қызметкерлері. Біз қызметкерлеріміздің әл-ауқатын ойлап, оларға тең мүмкіндіктерді ұсынып, әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шарттарды жасауға тырысамыз. Solva өзара сыйластық, сенімділік, ынтымақтастық пен ашық диалог құру атмосферасын қолдайды.
Компаниямызда гендерлік, нәсілдік, жасына қарай және басқа да кемсітушілікке жол жоқ. Біз қызметкер еңбегіне лайықты жалақы деңгейін қамтамасыз етіп, кәсіби тұрғыдан өсуіне барлық жағдайды жасаймыз.
Қоршаған ортаны қорғау және климат өзгеруімен күресу
Біздің қызметіміз қоршаған ортаға тікелей теріс әсер етпесе де, біз қоршаған ортаны қорғауға және климаттың өзгеруімен күресуге өз үлесімізді қосуға тырысамыз.
Solva көмірсутек-бейтарап компаниясы болғандықтан, CO2 жаһандық шығарындыларын қысқарту мақсатын көздеген, әлем бойынша бірқатар жасыл жобаларды қаржыландыру арқылы жеке парниктік газдар шығарындыларын (scope 1, 2, 3) өтейді.
Сонымен қатар Solva Қазақстанда жасыл қаржыландыруға қатысты жеке жобаларын дамытып жатыр. 2023 жылы біз ШОБ сегментіндегі кәсіпкерлерге бағытталған осындай бірінші өнімімізді жасап шығардық.
Құжаттар мен есептер
Байланыс мәліметтері
Оксана Синельникова
Тұрақты даму жөніндегі директор
Investor Relations
Бізге жазу үшін:
esg@solva.kz